Түркістан облысында үйлестіру кеңесі өтті

 

Ақпан 4, 2025

2025 жылдың қаңтар айында Түркістан облысына қарасты Бәйдібек және Сауран аудандардына үйлестіру кеңесі өтті. Шараның мақсаты әкімдікке қарасты тиісті бөлім басшыларын қатыстыра отырып, АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.

 

Шара барысында халық арасында АИТВ бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, оның АИТВ-мәртебесіне қарамастан, әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге баса назар аудару мәселесін көтерген АИТВ орталығының мамандары баяндама жасады. .

Түркістан облыстық АИТВ орталығының Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі А.Қалмахан  өз сөзінде тыңдаушыларды әлемде, Қазақстанда және облыста 2024 жылғы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, клиникалық симптомдар, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, емдеу-алдын алу іс-шаралары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар орталықтың эпидемиолог дәрігері Еркін Есалиев  стигма мен ЖЖВ-ға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге назар аударды. Постконтактілі профилактиканы уақтылы тағайындау үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде іс-қимылдардың жеделдігіне баса назар аударды.

 Іс-шараға аталған екі облыстың  әкімшілік ауданының әкімдік бөлімшелерінің басшылары онлайн режимде және басқа да құрылым мамандары  офлайн режимде қатысты.

 Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, барлық сұрақтарға жауап алды. Шара соңында ақпараттық-білім беру материалы таратылды.

барлық жаңалықтар »