Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 4, 2025
2025 жылдың қаңтар айында«Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚР кодексі 99 бап, 1 тарау 3 тармақшасын «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялауды» орындау мақсатында, Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты алты мектебінде 8-11 жоғарғы сынып оқушыларына, Жамбыл ауданы орта білім беру мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәнінің мұғалімдеріне және мектеп медбикелері арасындадөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстел Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын - алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов пенЖамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен бірлесе «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында жүргізілді.
Жамбыл аудандық аурухананың акушер – гинеколог дәрігері – А. Жылысбек «Ерте жүктілік» тақырыбы, Жамбыл аудандық аурухананың нарколог дәрігері – Т. Кулумбетов «Наркотикалық заттардың адам денсаулығына зияндылығы» тақырыбында, Жамбыл аудандық аурухананың жастар орталығының валеологы- А.Сатова «Дұрыс тамақтану» тақырыбында баяндамалар жасалынды.
ЖИТС орталығының мамандары үшін жастармен жұмыс жасауда өз денсаулығы, өмірсалты, өмірлік серіктес таңдау, отбасын жоспарлау үшін жеке жауапкершілікті тәрбиелеу призмасы - инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алуды қарастыру өте маңызды.
Білім беру іс – шарасына барлығы 3303-ден астам мамандар мен оқушылар қатысып, 810-нан астам ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Орталықтың эпидемиологы Н.Қасымов: