Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 3, 2025
АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар кестесіне сәйкес Алматы облысы ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан «Baqsy»ЖШС емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлеріне семинар өткізді.
Дәрігерлер қатысушыларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті медициналық тексеруден өту қағидаларына» сәйкес АИТВ-ға тестілеу бойынша емдеу және санаториялық-курорттық ұйымдарда жұмысты ұйымдастыру жөніндегі негізгі нормативтік құжаттарымен таныстырды.Тренерлер психоәлеуметтік кеңес беру мен тестілеудің ерекшеліктері, АИТВ емдеудің клиникалық ерекшеліктері, антиретровирустық терапияның негізгі схемалары туралы айтты. Кешен қызметкерлері АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары, алдын алу әдістері туралы ақпаратты тыңдап, сонымен қатар өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік, төтенше жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты этика мәселелері көтерілді. Сауықтыру кешенінің барлық қызметкерлері АИТВ жұқтырған адамдарға деген толерантты көзқарас қана АИТВ-инфекциясымен байланысты стигманы жоя алатынын атап өтті. Семинарға барлық ауысымдағы қызметкерлер қатысты, 70 адам қамтылды.