Денсаулыққа бағытталған білім

 

Ақпан 3, 2025

2025 жылдың 3 ақпанында Орал қаласында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, облыстық психикалық денсаулық орталығының, «Болашақ» жастар денсаулық орталығының мамандары бірлескен ведомствоаралық жұмыс жоспарына сәйкес, «OQU SHOOL» жеке меншік мектебінде «Денсаулыққа бағытталған білім» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара АИТВ-мен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға, жасына, жынысына, қандай да бір әлеуметтік топқа жататынына қарамастан адамдарға толерантты көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған.

Барлық спикерлер жасөспірімдерге адамның толыққанды өмір сүруі үшін денсаулықтың маңыздылығы туралы ақпаратты жеткізуге тырысты. Оқушылар темекі шегудің зияны туралы, психоактивті заттардың адам миына жойқын әсері туралы ақпарат алды, АИТВ-ны жұқтырмау үшін қандай алдын алу шараларын қолдану керектігін білді.

 

- Бүгінде біз жаһандық ақпараттық ағындар дәуірінде өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, АИТВ жөнінде білу өзекті болып қалуда. Сондықтан да АИТВ-мен байланысты аңыздар мен стереотиптерді әшкерелеу өте маңызды! - деп атап өтті БҚО АИТВ ОО алдын алу бөлімінің педагогы Г.Үмбетова.

Семинарда БҚО ОДСБ нарколог-дәрігері Г.Гумарова, № 5 қалалық емхананың «Болашақ» ЖДО гинеколог-дәрігері Н.Атабаева және БҚО ІІД ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Ж.Айдыналиева сөз сөйледі.

барлық жаңалықтар »