Стигма индексі: талқылау жалғасуда

 

Ақпан 3, 2025

Елімізде 2023-24 жылдардағы "Стигма индексі" зерттеуі аяқталды. Алғашқы талқылау мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысқан кеңесте өтті. Екінші талқылауға ҚДИАҒО және АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың қызметкерлері қатысты.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы мен ЮНЭЙДС консультанттары - Б.Асембеков және П. Саввин зерттеудің алдын ала қорытындыларын айтып, презентация жасады.

Олар зерттеудің мынадай өзекті тақырыптарын атап өтті:

- интернализацияланған стигма,

- медициналық көмекке жүгіну дайындығы,

- АРТ бастау және қабылдау,

- АРТ бастауды кейінге қалдыру себептері,

- АРТ үзудің себептері,

- сексуалдық және репродуктивтік денсаулық,

- адам құқықтары,

- халықтың негізгі топтарына қатысты стигма және кемсітушілік.

Жалпы үрдіс - өткен зерттеулермен салыстырғанда стигма деңгейі өзгермеген.

барлық жаңалықтар »