ҚДИАҒО дәрігерлері мен резиденттерінен көмек

 

Ақпан 3, 2025

Дүниежүзілік алапеспен ауыратын науқастарға көмек көрсету күні осы мәселенің өзектілігіне тағы да ерекше назар аударады. Бұл күні ҚДИАҒО дәрігерлері мен резиденттері Қазақ республикалық лепрозорийіне көмек көрсетті.

 

Лепрозорий науқастарды оқшаулайтын орын болып табылмайды. Есепте тұратын пациенттердің еліміздегі басқа медициналық ұйымдарда емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін алу мүмкіндігі бар. Алапеспен ауыратын науқастарды диспансерлеу рецидив қаупіне байланысты өмір бойы жүзеге асырылады.

Ауруды емдеуге қажетті крем, бальзам, мазь, препараттар лепрозорийге жіберілді. Медицина қызметкерлеріне ноутбук жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жүз жыл бұрын, 1929 жылдан бастап, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-да лепрозорияны ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезден бастап алапесті емдеу басталған болатын. Бүгінгі таңда Қазақ республикалық лепрозорийі - ерекше емдеуді ғана емес, өз пациенттерін оңалтуды да жүзеге асыратын ерекше үлгідегі мамандандырылған емдеу мекемесі. Лепрозорий Қызылорда облысында орналасқан және екі диспансері бар. Арнайы емдеуден басқа, науқастар қажетті барлық медициналық көмекті: хирургиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, терапиялық, сондай-ақ оңалту көмегін алады.

Бүгінде Қазақстанда алапес ауруының (Хансен ауруы) төмендеуі байқалады. Науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Тек егде жастағы адамдар алапес ауруымен ауырады, бұл инфекцияның жойылып келе жатқандығын білдіреді.

барлық жаңалықтар »