Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қантар 15, 2025
2023-24 жылдары Қазақстанда жүргізілген Стигма индексін зерттеудің алдын ала қорытындыларын 15 қаңтарда ЮНЭЙДС жұмыс кездесуіне қатысушылар талқылады.
Қатысушылар арасында мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.
Қазақстанда осындай алғашқы зерттеу 2015 жылы, соңғысы - 2021 жылы жүргізілді. АИТВ-мен өмір сүретін Орталық Азия қауымдастығының консультанттары Б.Асембеков пен П. Саввин 2023-24 жылдардағы зерттеудің алдын ала қорытындыларын ұсынды. Зерттеу алғаш рет терең сұхбат әдісін қолданды. Жалпы тенденция-стигма деңгейі өткен зерттеулермен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ.
Презентаторлар зерттеуге еліміздің әртүрлі аймақтарынан 1379 респондент қатысқанын атап өтті. Зерттеу фокусында:
- ішкі стигма,
- медициналық көмекке жүгінуге дайындық,
- АРТ бастау және қабылдау,
- АРТ бастауды кейінге қалдыру себептері,
- АРТ-ны үзудің себептері,
- жыныстық және репродуктивті денсаулық,
- адам құқықтары,
- негізгі топтарға қатысты стигма және кемсітушілік.
Стигма индексін зерттеу нәтижелері жақын арада таныстырылады.