Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қантар 10, 2025
ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының стационарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде білікті медициналық көмек алған 1500 адамның 78 пайызы-ауылдық аудандардың тұрғындары. Ем қабылдаған стационардағы 426 кішкентай пациенттің 322 – сі ауылдық жерлерден келген.
Пациент қозғала алмаған жағдайда, ҚДИАҒО қызметкерлері қашықтан консультациялар жүргізеді және өңірлердегі әріптестерімен тұрақты байланыста болады. 2024 жылы барлығы 317 онлайн консультация өткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда, бұл әсіресе ТМККК шеңберінде тегін ұсынылатын жетекші республикалық клиникалар базасындағы мамандандырылған медициналық қызметтерге қатысты