Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 30, 2024
Тері-венерологиялық диспансерлер мен көпсалалы ауруханалардың бас дәрігерлерінің, сондай-ақ бас облыстық штаттан тыс дерматовенерологтар мен ҚДИАҒО дерматовенерологтарының қатысуымен лейшманиоз бен дерматомикозды бақылауды күшейту бойынша семинар өткізді.
Түркістан және Қызылорда облыстарында сырқаттанушылық жағдайы және лейшманиозға қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы Шымкент қаласы ОДВД №1 дерматология бөлімшесінің меңгерушісі Г.Ташбаева және Қызылорда облысының ОТВД стационарының меңгерушісі, дерматовенеролог Гүлшат Темірханқызы айтып берді.
Қатысушылар елдегі статистикамен, лейшманиоздың түрлерімен, эпидемиологиямен және аурудың маусымдылығымен танысты. Науқастардың 75 пайызы ересектер екендігі атап өтілді. Бұл ауруға барлық дәрігерлердің сақтығы қажет.
«Дерматомикоздар: ҚР - дағы проблемалар мен шешу жолдары» атты презентациямен м.ғ.к., ҚДИАҒО дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі С. Оспанова сөз сөйледі. Ол ауруларды дұрыс диагностикалауға және алдын алуға, соның ішінде уақтылы анықтауға және емдеуге баса назар аударды. Халық арасында ақпараттық-білім беру жұмысын күшейту өзекті болып отыр.
Қазақстанда жұқпалы дерматоздар бойынша нормативтік-құқықтық актілермен м.ғ.к., ҚДИАҒО эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Ғ.Ахметова таныстырды.