Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 28, 2024
25-26 қараша күндері Алматыда Орталық Азия елдерінде контактіге дейінгі профилактика (КДП) бағдарламаларын енгізу бойынша Екінші өңірлік консультация өтті. Консультацияға КДП бағдарламаларын жүзеге асырып жатқан 15 елдің сарапшылары қатысты.
Өңірлік консультация қатысушыларының қатарында мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың (ДДҰ, ЮНЭЙДС, CDC, USAID) өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың мамандары болды. Іс-шараны ұйымдастырушы – ЕСОМ.
Форумды аша отырып, ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы Ұ. Медеубеков өз сөзінде:
- Қазақстан қысқа уақыт ішінде КДП қызметін ұсынуда үлкен қадам жасады. Егер 2022 жылдың қорытындысы бойынша КДП қызметін 908 адам алса, қазір бұл көрсеткіш 12 мыңға жетті. Бұрын, 10 жыл бұрын, бұл шаралар халықаралық донорлар есебінен қаржыландырылған болса, бүгінде мемлекеттің қаржыландыруымен жүзеге асуда. 2008 жылы мемлекеттік қаржыландыру үлесі 70% болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 95%-дан асты, - деп атап өтті.
Қазақстанда КДП қызметтері АИТВ-ның алдын алу орталықтары мен 6 ҮЕҰ арқылы көрсетіледі. КДП-ға сұранысты арттыру үшін дәрігерлер мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы Telegram-дағы чат-бот, веб-сайттар, әлеуметтік желілер және аутрич-қызмет арқылы жүргізілуде.
Өткен жылы алғашқы консультация ұйымдастырылып, ол өңір үшін маңызды қадам болды. Оның нәтижесінде КДП бағдарламаларын Орталық Азияда іске қосу және кеңейту негізі қаланды. Биылғы консультацияның қатысушылары КДП бағдарламаларының ағымдағы жағдайын, жетістіктері мен проблемаларын талқылады. Өңірде КДП-ны алғашқы медициналық көмек жүйесіне интеграциялаудың сәтті мысалдары бар. Солардың бірі – Алматы қаласындағы Түрксіб ауданындағы №9 емхана.
АИТВ алдын алудың осы әдісіне қызығушылық бүкіл әлемде өсіп келеді. Қатысушылар денсаулықты басқарудағы жеке факторлардың маңыздылығының артуын, негізгі топтар басқаратын КДП қызметтерін дамыту, қоғамға негізделген модельдердің кедергілерін азайту және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Биылғы консультацияның мақсаты – КДП қызметтерін қайта орталықтандыратын модельдерді зерттеу арқылы қолжетімділігін арттыру үшін күш-жігерді біріктіру.