Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қазан 2, 2024
Жыл сайын 1 қазанда дүниежүзі қарт азаматтарға және олардың қоғамдағы рөліне арналған Халықаралық қарттар күнін атап өтеді. Қарттар күні – даналық пен ізгілік мерекесі! Аға ұрпақтың қамқорлығына, өмірлік тәжірибесіне, көп жылғы еңбегіне алғыс айтатын күн.
Биылғы жылы игі дәстүр бойынша облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері өздерінің тәлімгерлерін, денсаулық сақтау саласының ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.
Үлкен дастарханға лайықты демалыста жүрген дәрігерлер, медбикелер, әкімшілік қызметкерлері және кәсіби міндеттерін атқарып жүргендер жиналды. Бұл Қостанай облысында ЖИТС-ке қарсы қызмет саласын дамытуға бар күшін, білімін, тәжірибесін жұмсаған адамдар.
Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері М.Күзембаев ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, құрмет пен алғысын білдірді.
Бір кесе шай үстінде аға буын өкілдері туған мекеме қабырғасындағы өмірі мен еңбектерін еске алып, дәрігерлік тәжірибеден қызықты оқиғаларды айтып берді.
Ардагерлер мерекені ұйымдастырушыға өздеріне көрсетілген ілтипат пен ықылас үшін алғыстарын білдіріп, барлық қызметкерлерге ең жарқын және мейірімділік тіледі.
Шара жүргізушілердің философ Артур Шопенгауэрдің сөзін келтіре отырып: «Қартайғанда жастықта бар күш-жігерін қартаймайтын іске арнағанын білуден артық жұбаныш жоқ!» деген сөзімен аяқталды.