Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қазан 1, 2024
ҚДИАҒО қызметкерлері мәселелерді шешу жолдары мен ынтымақтастық жоспарларын үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен талқылады.
ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы Ұ.Ш. Медеубеков кездесуді аша отырып, АИТВ-ның алдын алу, халықтың негізгі топтарын қолдау бойынша ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде жұртшылықтың вирустық гепатиттерді емдеуге қатысуы, халықтың негізгі топтарына арналған қызметтерді арттыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты дамыту мәселелері көтерілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жеңу үшін бірлескен қадамдар ерекше назар аударуды қажет етеді.
Жастар денсаулық орталықтарында еріктілердің қызметін жандандыру үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша арнайы интерактивті модуль құру ұсынылды. Оның көмегімен жасөспірімдер мен жастар өз құрдастарына сапалы тренингтер мен семинарлар өткізе алатын болады.