Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қазан 1, 2024
Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «АИТВ-инфекциясының бар-жоғын клиникалық көрсеткіштер арқылы тексеру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Өңірлік семинардың ашылуында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибизада Дүйсенбаева мен облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Ғалымжан Абраев сөз сөйледі.
Семинарға аудандар мен Жаңаөзен қаласындағы басқа да алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтары онлайн қосылып, семинарға қатысты.
АИТВ-инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Зарина Берқалиева «2024 жылдың 8 айындағы Қазақстан Республикасы мен Маңғыстау облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері сегіз айдың ішінде Маңғыстау облысында 47 адам ВИЧ індетін жұқтырған.
Орталықтың дәрігер-эпидемиологы Набат Сүгірова «Нормативтік құқықтық актілерге шолу» жасады.
Облыстық семинарға барлығы 30-ға жуық маман қатысты. Олар тиісті сұрақтарын қойып, білікті мамандардан толық жауаптар алды.
- Бүгін мен өзекті тақырып бойынша облыстық семинарға қатыстым. Мен құнды және маңызды ақпарат алдым. Баяндамашылар материалды өте анық жеткізді. Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары ұйымдастыратын семинар-тренингтерден үнемі қалмауға тырысамын.
Өйткені тәжірибелі дәрігерлер сабақ береді. Бұл семинар мазмұнды болды. Осылайша, өзекті тақырыптар бойынша лекциялар өткізілсе, біз оларға қуана қатысамыз», - дейді эпидемиолог Анжелика Евстратова.