Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қырқұйек 4, 2024
Төртінші қыркүйекте ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы У.Ш. Медеубеков ЮНЭЙДС қызметкерлері - өңірлік офистің директорының міндетін атқарушы А.Боқажановамен және стратегиялық ақпарат жөніндегі кеңесші А. Бузуруковпен жұмыс кездесуін өткізді.
Қатысушылар бірлескен жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруды талқылады. ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізудегі сын-тегеуріндер мен оларды еңсеру басты назарда болды.
ЮНЭЙДС қызметкерлері 30 қарашада жоспарланған кеңеске дайындық туралы мәлімдеді. Мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өтетін кеңесте ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті және елдегі АИТВ жағдайы бойынша 2026-2030 жылдарға болжамдарды талқылау жоспарланып отыр.
ЮНЭЙДС қызметкерлерінің 26 қарашада АИТВ бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оны ДДҰ және басқа да халықаралық ұйымдар сарапшыларының қатысуымен ДДСҰО ұйымдастырады. Іс-шара аясында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған баспасөз конференциясы жоспарлануда.
Сонымен қатар АИТВ-ның қазіргі жағдайы және болашаққа арналған бірлескен жоспарлар талқыланды.