Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қырқұйек 2, 2024
ҚДИАҒО қызметкерлері елімізбен бірге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, талқылады.
Жолдау Қазақстанның алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына арналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Президент ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру үшін кешенді шараларды іске асыру қажеттігі туралы айтты. Президент бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелері тұрғысынан теңдестірілген базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін медициналық білім беру сапасын барынша жақсарту қажет.
«Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну маңызды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Президент Жолдауда Қазақстанның алдағы кезеңге арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді айқындады.
ҚҚИАҒО қызметкерлері Президенттің Жолдауы ел өміріндегі басты оқиға екенін атап өтті. Құжаттың мағынасы кең және нақты. Қызметкерлер Жолдау аясында Орталық жұмысының тиімділігін арттыру үшін шешілуі қажет міндеттер туралы айтты.