Абай облысына мониторингтік сапар

 

Қырқұйек 2, 2024

ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары: А.Утегенова, Г. Тажибаева, Л. Ганина, Г. Кикбаева мониторингтік сапармен  Абай облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына барды.

 

Іссапар мақсаты - АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша эпидемияға қарсы, профилактикалық, диагностикалық іс-шаралар жүргізу сапасын, АӨСА, ХНТ медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасын, АИТВ-ны анадан балаға берілу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау.

ҚДИАҒО мамандары АИТВ-ның алдын алу орталығындағы әріптестермен бірлесіп "Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы" Жол картасының нысаналы индикаторларын орындау шеңберінде қол жеткізілген көрсеткіштерге талдау жасады.

Іссапар қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді, оның ішінде:

 

* 2024 жылғы  нысаналы индикаторға сәйкес "АИТВ мәртебесін білетін АӨСА пайызы" индикаторын 90%-ға жеткізуді;

- МСАК ұйымдарында жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін тестілеумен қамтуды нысаналы индикатор деңгейіне -95%;

- АРТ емдеудің тиімділігін 86,1% - дан 90% - ға дейін жеткізуді;

* С вирустық гепатиті бар барлық мұқтаж АӨСА-ны 95% дейін вирусқа қарсы емдеуді қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

 

Сапар барысында ҚДИАҒО мамандары облыстың басқа да медициналық ұйымдарына барды: "Облыстық перинаталдық орталық" ШЖҚ МКК, №9 және №2 қалалық емханалар, "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК.

Айта кетейік, Абай облысы АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі республикалық деңгейден төмен өңірлерге жатады (100000 адамға шаққанда -4,3, орташа республикалық -11,6).  АИТВ мәртебесін білетін АӨСА пайызы бүгінде 76,8% құрайды, нысаналы көрсеткіш -90%. 15-49 жас тобында АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 2024 жылғы болжамды деңгейден – 0,16% - дан аспайды.

барлық жаңалықтар »