Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қырқұйек 2, 2024
ҚДИАҒО-да облыстық және Алматы, Талдықорған қалаларының тері-венерологиялық диспансерлерінің бас дәрігерлерімен, Астана, Өскемен қалаларының, Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының көпсалалы ауруханаларының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесті ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы У.Ш. Медеубеков ашты. Ол талқыланатын мәселелер мен ҚР ДСМ-нің "2024-2026 жылдарға арналған ҚР халқына дерматовенерологиялық көмекті жетілдіру" Жол картасы жобасының өзектілігін атап өтті.
ҚДИАҒО стационарлық бөлімшесінің меңгерушісі А.А. Таубаева еліміздегі ЖЖБИ және дерматомикозбен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай, дерматологиялық көмек көрсету құрылымы, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жай-күйі туралы айтты. ҚДИАҒО дерматовенеролог - дәрігері А.К.Утегенова дерматовенерологиялық қызметтің нормативтік-құқықтық базасымен, соңғы клиникалық хаттамалармен таныстырды.
Дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі С.А. Оспанова ҚР ДСМ-нің "2024-2026 жылдарға арналған дерматовенерологиялық көмекті жетілдіру" Жол картасының жобасы туралы презентация жасады.
Жұмыс кеңесінің соңында халыққа дерматовенерологиялық көмектің тиімділігін арттыру бойынша кәсіби пікірталас өтті. Онда тарифтерді қалыптастыру, мамандарды кадрлық даярлау, материалдық - техникалық база, клиникалық хаттамаларды өзектендіру және т.б. мәселелері көтерілді.