Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Шілде 31, 2024
Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу мамандарының ұйымдастыруымен «Қызылорда теміржол ауруханасында» медицина қызметкерлері арасында семинар болып өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты - АИТВ инфекциясын медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу, тестке дейін және тестіден кейін психо-әлеуметтік кеңес беру мәселелері бойынша облыстағы емдеу алдын алу ұйымдарындағы орта буын қызметкерлерінің білімдерін тереңдету болып табылады.
Семинар барысында орталықтың дәрігер эпидемиологы А.Садвакасова АИТВ-ның республикадағы, облыстағы ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шараларына байланысты толық мәліметтер ұсынды. Әсіресе АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік және ауруханаішілік жұқтырудың алдын алу, АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілері донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, донорды тексеру, байланыстан кейінгі алдын алу, эпидемиологиялық анамнез жинау ерекшеліктері, АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету дағдылары шараларына ерекше тоқталды.
Кездесу барысында мамандар медициналық мекемеде туындауы мүмкін төтенше жағдайларды және қатынастан кейінгі алдын алу шараларын талқылады. Сондай-ақ, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету арқылы қан орталығының бөлімшелеріне барды. Сондай-ақ қан мен оның компоненттері тікелей алынатын донорлық бөлімге, қан алынатын емдеу бөлмелеріне де барды. Стандартты операциялық процедураларды қарастырды. АИТВ орталығының дәрігерлері Қызылорда теміржол ауруханасының мамандарымен әңгімелесіп, донордың қалай тексеріліп, донорлық процедураға жіберілетінін іс жүзінде көрді.
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясына жедел тест жасау техникасы практика жүзінде көрсетілді.