Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологы «Жолбаян» радиосына сұхбат берді

 

Шілде 30, 2024

Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологы 18 шілдеде Жәмила Махамбетқалиева «Жолбаян» радиосына барып, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде сұхбат берді, деп хабарлайды облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының баспасөз қызметі.

Орталық эпидемиологының айтуынша, 2024 жылдың 6 айында АИТВ-инфекциясын жұқтырған 34 жағдай тіркелді. Оның ішіндегі 3 жағдай шетел азаматтары арасында анықталған.  Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 9 жағдайға аз. Мәселен, былтыр 43 адамнан осы инфекция анықталған. Оның алтауы  шетел азаматы.

Ал 37 жағдай Қазақстан Республикасы азаматтары арасында тіркелді. Аурушаңдық деңгейі ел азаматтары арасында 6 жағдайға төмендеген. Жалпы айтқанда өңірімізде эпидемиологиялық ахуал бір қалыпты деп айта аламыз. АИТВ-инфекциясы Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарынан басқа аудан, қалаларда тіркелген. АИТВ-инфекциясы 20 мен 49 жас аралығында тіркелген, деді тікелей эфирде өткен сұхбатта блыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологы Жәмила Махамбетқалиева.

Тікелей эфирде өткен сұхбатта АИТВ-инфекциясының алдын алу, берілуі, сақтық шаралары, емдеу жолдар, жұқтырмау үшін жасалатын әрекеттер сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Өңір тұрғындары да бұл тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды. Мәселен, Ақтау қаласының тұрғыны «барлық адамдарға АИТВ-инфекциясына тексерілу қажет пе?» деген сұрақ қойды. Орталықтың білікті эпидемиологы денсаулық үшін тексерілген дұрыс екенін айтып тұшымды жауабын берді.

Орталық эпидемиологы Жәмила Махамбетқалиева жыл басталғалы бері 5289 адамға АИТВ-инфекциясы жөнінде ақпарат берілгенін атап өтті.  Түсіндірме жұмыстары білім беру мекемелерінде, полиция департаментінде, медицина ұйымдарында, бизнес құрылымдары мен әскери бөлімдерде жүргізілген.

Жалпы «Жолбаян» радиосындағы «Қоғам тынысы» хабарында өткен 1 сағаттық сұхбатта 10-нан астам сұрақ қойылғанын айта кетейік.

барлық жаңалықтар »