АИТВ-ны қылмыссыздандыру: бірыңғай стратегияны әзірлеу

 

Қараша 13, 2023

13 қарашадағы кездесуде қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қоғамдастығында АИТВ-ны қылмыссыздандыру бойынша бірыңғай стратегияны әзірлеуді талқылады. ҚР ДСМ ҚДИАҒО қызметкерлерінің қатысуымен кездесуді АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы және UNAIDS ұйымдастырды.

АИТВ-ны жұқтырғаны үшін қылмыстық, әкімшілік және/немесе өзге де жауапкершілікті белгілейтін ҚР-дағы жалпы және арнайы нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін айқындау бойынша АИТВ-ны қылмыссыздандыру мәнмәтінінде құқықтық ортаны талдау нәтижелері аудиторияға ұсынылды.

Белсенді түрде өткен талқылау ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабына қатысты болды. Бір күн бұрын осы бап бойынша АӨА қоғамдастығына қатысты зерттеу жүргізілді. Нәтижелер қоғамдастық ішінде бұл бапқа қатысты ортақ пікірдің жоқ екендігін көрсетті.

АӨА ҚазОдағының президенті Нұрали Аманжолов ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне ұсынылған заңнамалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді, онда АИТВ жұқтыру қаупін төндіргені және жұқтырғаны үшін АӨА жауапкершілігін белгілеу туралы ережелер бар.

Өзектілігі ұлттық қылмыстық заңнаманың АИТВ-ны жұқтырудың қылмыстандыру саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкестігі қажеттілігінен туындады. 2005 жылдан бастап ДДҰ АИТВ-ны айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялар тізімінен алып тастап, басқарылатын созылмалы ауруға ауыстырды.

UNAIDS-тің "АИТВ-ны шектен тыс қылмыстандыруды тоқтату" бойынша ұсыныстары: "Жалпы қылмыстық заңнаманы қолдану АИТВ туралы қол жетімді және сенімді ғылыми және медициналық деректерді, АИТВ жұғуы, профилактикасы және емдеу тәсілдерін ескере отырып, АИТВ-ны қасақана жұқтыру жағдайларымен шектелуге тиіс (мысалы, адам өзінің АИТВ-мәртебесін біле тұрып, АИТВ-ны жұқтыру ниетімен әрекет етеді және вирусты таратады).

барлық жаңалықтар »