АИТВ туралы бейнероликтер – қоғамдық орындарда

 

Мамыр 25, 2023

Павлодар АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қоғамдық орындарда бейнероликтер көрсету ақпараттық акциясын іске қосты. АИТВ жұқтыру жолдары, жеке қорғаныс құралдары туралы бейнероликтер 35 қалалық автобустың мониторларында мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылады.

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында жаңа бағыт - сыртқы жарнама басталды. Қала орталығында "Артур" ірі сауда үйінің қасбетінде 140 шаршы метрлік жарықдиодты экранда өз денсаулығыңызды қалай қорғауға болатындығы туралы бейнелер көрсетілді.

Павлодар АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының барлық бастамаларына "Ирбис" өңірлік телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетеді. Күн сайын жаңалықтар бағдарламасында АИТВ туралы бейнелер көрсетіледі. Мұның бәрі облыс тұрғындарының АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі.

барлық жаңалықтар »