Ынтымақтастық жалғасуда

 

Мамыр 16, 2023

16 мамырда ҚДИАҒО-да ЮНФПА атқарушы директорының менеджмент жөніндегі орынбасары Иб Петерсен мырзамен жұмыстық кездесу барысында ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.

ЮНФПА - ҚДИАҒО-ның ұзақ мерзімді серіктесі. АИТВ - инфекциясының жұқтыру мерзімін зерттеу, ЖИТС орталықтары мен жастар денсаулық орталықтары қызметкерлерінің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті еңсеру бойынша әлеуетін арттыру және басқалары сияқты бірлескен жобаларда тиімді нәтижелерге қол жеткізді.

Кездесуде қатысушылар Қазақстандағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және профилактикалық бағдарламалардың іске асырылуымен танысты.

ЮНФПА биыл алғаш рет ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қор қаржыландыратын 2024-2026 жылдарға арналған елдік өтінімді әзірлеу процесіне қосылды. Иб Петерсен мырза қатысушыларға айтқандай, ЮНФПА Қазақстанға презервативтер мен майлағыштарды жеткізуді жалғастыратын болады.

Ынтымақтастық жалпы халық пен негізгі топтар үшін білім беру жобаларын іске асыруда жалғасады.

Кездесуге Ронни Линдстром, Райымбек Сисемалиев, Серік Тәңірбергенов секілді ЮНФПА өкілдері қатысты.

барлық жаңалықтар »