Халықаралық медбикелер күніне орай

 

Мамыр 11, 2023

30 жылдық тәжірибесі бар медбике

 

Халықаралық мейірбике күні және жұмыстық ауысымның аяқталуына қарамастан Патигүл Кунахунқызы Меманова үйіне қайтуға асықпайды, өйткені бөлімшеде ауыр науқас бала бар.

15 жастағы Нұрдәулет асқынған ауру - псориазбен ауырады. Қазіргі сәтте аурудың асқынып жатқан кезеңі еді. Жасөспірім буындардағы ауырсыну мен өкшедегі бөртпелеріне байланысты жүре алмайды. Дәрігерлер мен медбикелер кішкентай пациенттің жанында жиі болып тұрады: күтім жасау, емдеу, дәрілерін беру жұмыстарын жасайды, Патигүл Кунахунқызы аяқтарын арнайы жақпа маймен майлайды және Нұрдәулетті рухан жігерлендіреді.

- Мықты бол, балам! Бәрі жақсы болады! - дейді ол күлімсіреп, басынан сипап. Науқастың әл – ауқаты мен көңіл-күйінің жақсарғанына көз жеткізіп, қуанып алады.

Медицинада Патигүл Кунахунқызы 30 жасқа толмай, республикалық медициналық училищені бітіргеннен кейін бірден келген. Көптеген жылдар бойы Алматының түрлі клиникаларында хирургиялық медбике болып жұмыс істеген. Ұстаздарының бұйрығы әлі есінде: «Егер сіз мейірбике мамандығын толық білгіңіз келсе – хирургияға барыңыз». ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында - 2019 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

Қызмет жолында Патигүл Кунахунқызы хирургия бәрін үйретті деп ойлаған, алайда Ғылыми-зерттеу институтында көптеген білім мен дағдыларды көптеп алған. Тері аурулары өте күрделі, әсіресе созылмалы кезеңде. Дәрі-дәрмектердің дозасын дәл есептей білу, тамшыларды дұрыс тамызу маңызды, сонымен қатар, аурухана постындағы үлкен жауапкершілік және көптеген міндеттер жүктеледі.

- «Менің жұмысымдағы ең бастысы - пациенттерге туған адамдар сияқты қарау. Жанашырлық таныту, мейірімді болу, жақсылық жасау – кейіннен оны ұмыту қағидаты бойынша жүреді. Науқастардың тезірек сауығып, мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы сау болып қалуына деген ең үлкен тілек», – дейді Патигүл Кунахунқызы.

барлық жаңалықтар »