Халықаралық медбикелер күніне орай

 

Мамыр 11, 2023

Медбике мамандығына бейімділік

 

Қарлығаш Тұрсынғазықызы Анапияева бала кезінен медбике мамандығы туралы армандаған. Дәрігер болып ойнағанды, ақ халат кигенді, қуыршақтарға инъекция жасағанды ұнататын болған. Жасөспірім кезінде адамның қысым өлшеуді өз еркімен үйреніп, күн сайын жақындарының қысымын өлшеген.

1995 жылы Талғар медициналық колледжін сәтті тәмәмдаған. Алматының түрлі ауруханаларында процедуралық және аға медбике болып жұмыс істеген. 1997 жылдан ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында қызмет атқаруда.

Бөлімшеде науқастар кейде ауыр жағдайда болады, көбінесе аурудың асқынуы басталған кезде ауыр жағдайлар туындайды және қызметкерлерден науқасты аяғына қою үшін көп күш жігер қажет етіледі. Медбике - бұл барлық жұмыс орындарында дәрігердің көмекшісі ғана емес, сонымен қатар пациенттерге мейірбикелік көмек көрсететін өз бетінше жұмыс істейтін маман.

Қарлығаш Тұрсынғазықызы ҚДИАҒО-да жұмыс істеген 26 жыл ішінде тері ауруларын зерделеп, ауру симптомдарына қалай әрекет ету керектігін, қиын жағдайларда не істеу керектігін жақсы біледі. Ол жанашырлықпен ауыр науқастарға қалай күтім жасау керектігін өзінен кіші мамандарға жиі айтып отырады: ішу және тамақтандыру, ауырсынуды болдырмау үшін мұқият, денені арнайы майлармен майлау, тыныштандыру, жүрекпен сөйлесу және т.б.

– Мен үшін жұмыста ең бастысы - науқастардың денсаулығы. Біз, медбикелер, әр пациент үшін жан-тәнімізбен уайымдаймыз, ауыр, сырауқды, қайғы-қасіретін жеңілдету үшін және сауығуды процессін мүмкіндігінше тез жақындату үшін бәрін жасаймыз, - дейді Қарлығаш Тұрсынғазықызы.

Қарлығаш Тұрсынғазықызы үшін ең маңызды кәсіби қағидаттар – адалдық, мейірімділік және жауапкершілік. Қарлығаш Тұрсынғазықызы әр пациенттің денсаулығы мен өмірі оның күш-жігері мен шеберлігіне байланысты екенін түсінеді. Бұл миссиядан жоғары не болуы мүмкін?

барлық жаңалықтар »