Пациенттерді үздіксіз дәрілік қамтамасыз ету үшін

 

Ақпан 24, 2023

24 ақпанда Астанада ҚДИАҒО қызметкерлері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды және халықтың негізгі топтарының өкілдерін үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

 Іс - шараны ұйымдастырушы - ITPC EECA және UNAIDS-пен серіктестікте АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы. Қатысушыларға Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы UNAIDS өңірлік директоры Эмонн Мерфи алғы сөзін айтты.

Қатысушылар мынадай өзекті мәселелерді талқылады :

- ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарының кредиттік берешегін нөлдеу мүмкіндіктері,

- Долутегравирді және басқа да дәрілік заттарды қоса алғанда, АРВ-препараттардың құнын төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру шарттары,

- балалардағы АРВ-препараттарға қол жеткізу бойынша шешімнің қажеттілігі, атап айтқанда Қазақстанда Ралтегравирді тіркеу.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарында АРВ-препараттарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты проблемалар және жағдайды жақсартуға ықпал ететін мүмкіндіктер болды. Соңғыларының ішінде: АРВТ-ның үш айлық буферлік қорын қалыптастыру және АРВ-препараттардың шағын көлемін сатып алу.

барлық жаңалықтар »