Қонаев қаласындағы маңызды басқосу

 

Ақпан 15, 2023

15 ақпан 2023 жылы Алматы облысы, Қонаев  қаласындағы №2 орта мектептің мәжіліс залында  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы мен Қонаев қалалық ауруханасының мамандары қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алуға арналған іс-шара орта білім беретін мектептердің директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сондай-ақ биология пәнінің мұғалімдері үшін орайластырылған еді.   

Қонаев қалалық білім бөлімінің маманы К.Калибекова дөңгелек үстелдің ашылуын жариялады, дөңгелек үстелдің облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен ұйымдастырылып отырғанын, АИТВ жұқпасы жастар арасында да кең таралғанын атап өтіп, спикерлермен таныстырды.

Алғашқы болып сөз алған Қонаев қалалық ауруханасының нарколог дәрігері Э.Байгабылова елімізде 4 миллионнан аса шы­лымқор барын алға тартса, гинеколог С.Синельникова мектеп жасындағы қыздардың  ерте жүкті болып қалуының салдарын саралады. Ал психолог Н.Жанузакова  жасөспірімдердің суицидке бару себептерін талдап берді.  Алматы облыстың ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Султанова аймақтағы және аудандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндап, соңғы жылдары АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар саны артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.   

            Іс-шараға 64 адам қамтылды.

барлық жаңалықтар »