АИТВ-ПОЗИТИВТІ ПАВЛОДАРЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

 

Ақпан 8, 2023

Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының колл-орталығына күн сайын +7 (718) 2 650529 телефоны бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдардан түрлі сұрақтар келіп түседі.

Ең көп қойылатын сұрақтардың бірі - 2023 жылы АИТВ-позитивті адамдарға арналған бір реттік жәрдемақы мөлшері өзгергені туралы. Шынында да, біздің елде жаңа, 2023 жылдан бастап әр түрлі санаттағы адамдарға төленетін мемлекеттік төлемдер өзгерді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш өзгертілді. Енді жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгені құрайды.

Павлодар облысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар жылына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек алады. Демек, 2023 жылы жыл сайынғы біржолғы жәрдемақы 34500 теңге мөлшерінде болады.

Павлодар ЖИТС орталығының әлеуметтік қызметкері жәрдемақы төлеу үшін құжаттарды қабылдайды және ресімдейді.

барлық жаңалықтар »