"Ганзен ауруы және дерматоздар: қазіргі заманауи әлемде" атты семинары

 

Қантар 27, 2023

27 қаңтарда Дүниежүзілік алапеспен ауыратын науқастарға көмек көрсету күні аясында "Ганзен ауруы және дерматоздар: қазіргі заманауи әлемде" атты ғылыми - практикалық семинары болып өтті. Қатысушылар арасында: дәрігерлер, ғалымдар, резиденттер болды.

 Жиналғандарды қазіргі әлемдегі және ҚР-дағы Ганзен ауруының (алапес, құлғана) жай-күйімен ҚР ДСМ "Қазақ республикалық лепрозорий" ММ басшысы М.Сейталиев таныстырды. Лепролог, терапевт, ҚР ДСМ "Қазақ республикалық лепрозорий" ММ бөлімше меңгерушісі Т. Әбубәкір дифференциалды диагностикадағы лепра туралы айтып берді.

Дәрігерлер 2018 жылдан бастап Қазақстанда аурудың жаңа жағдайлары мен рецидивтері жоқ екенін атап өтті. Соңғы 40 жылда анықталған науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ, бұл алапестің жойылып бара жатқан ошақтарына тән. Бүгінгі таңда елдегі алапес, ең алдымен, халықтың сол ауруға бейім топтарында кездеседі.

Бірақ бүгінде лепрозорий дәрігерлері мынадай қиындықтарға тап болуда:

- халықтың ел ішінде және сырттан көші-қонуы,

- медицина қызметкерлері арасында алапесті диагностикалау бойынша білімнің төмендігі және алапестік сақтықтың болмауы,

- лепрофобия тек халық арасында ғана емес, медицина қызметкерлері арасында да кездеседі.

Қатысушыларда арасында Қазақстандық медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының президенті, ҚДИАҒО профессоры М.Рысұлы ұсынған "21 ғасыр инфекцияларының зертханалық диагностикасы" атты презентациясы көптеген сұрақтар туғызды.

Дәрігерлер мен ғалымдар "Лейшманиоз" және "Буллезді эпидермолиз" өзекті тақырыптарын егжей-тегжейлі талқылады.

Семинар соңында қайырымдылық сәлемдеме Қазақ республикалық лепрозорийіне тапсырылды. Макс Яндекс станциясы және кептірілген жемістер лепрозорий қызметкерлері мен науқастар үшін өте пайдалы болмақ.

барлық жаңалықтар »