ИЕҚТ-ны АИТВ-ға тестілеу бойынша жұмыс кеңесі

 

Қантар 18, 2023

2023 жылғы 18 қаңтарда Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ЖИТС орталығы мен Психикалық денсаулық орталықтарының бірлескен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде – ИЕҚТ-ны (инъекциялық есірткі қолданатын тұлғалар) АИТВ-ға тестілеумен қамтуды ұлғайту мәселесі.

Кездесуге қатысушылар СҚО-дағы АИТВ және есірткі ахуалы бойынша ағымдағы эпидемиялық жағдайды, ИЕҚТ-ны тестілеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады және өзекті мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын жасап шығарды.

Кездесу қорытындысы бойынша әрбір ұйымға ИЕҚТ-ны тестілеумен қамтуды арттыру мақсатында тапсырмалар берілді.

Оның ішінде алкогольдік және есірткілік масаңдықты сараптау кабинетіне медициналық куәландыруға жеткізілетін, психоактивті заттарды инъекциялық қолдануға күдігі бар адамдарға АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті және құпия тексеруді ұсыну.

БПДО мамандарына дала жағдайында ИЕҚТ-ны тексеру үшін автокөлік беру туралы шешім қабылданды.                                 

ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің және зертханасының мамандарына 2023 жылдың бірінші тоқсанында ПДО, БПДО және аудандық ауруханалардың БМСК  наркологиялық кабинеттерінің қызметкерлері үшін «Нарколог дәрігерлерге жүгінген ИЕҚТ-ны экспресс тестілеу, соның ішінде р24 вирустық антигенін және АИТВ-ның бірінші және екінші типтегі (4 ұрпақ) антиденелерін және қызылиек маңы сұйықтығы бойынша анықтайтын экспресс-тесттерді қолдана отырып тестілеу» тақырыбы бойынша семинар сабағын өткізу тапсырылды.

Жоспарланған шаралар ИЕҚТ-ны бір реттік тестілеумен қамту бойынша көрсеткіш 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 24%-дан кем емес, жыл соңында - 95%-ға қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.

барлық жаңалықтар »