ҚАЖД-мен 2022 жылғыжұмыстыңқорытындысышығарылды

 

Қантар 13, 2023

13 қаңтарда,  Алматы қаласы  ЖИТС орталығының қызметкерлері  5, 9,  24 қалалық  емханалар мен  Қылмыстық-атқару жүйесі  департаменті   өкілдерінің  қатысуымен   2022 жылғы  бірлескен жұмыстың  қорытындыларын  талқылады.

Қатысушыларды  өткен жылғы бірлескен жұмыс нәтижелерімен эпидемиологиялық бөлім меңгерушісінің  м.а Б. Табинова таныстырды. Ол бас бостандығынан айыру орындарында (ББА) АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын анықтаудың төмендеу үрдісін атап өтті. Егер 2021 жылы олардың саны – 38 болса, 2022 жылы – 25. Бұл АИТВ-ға тексерулер санының артуы аясында.

Білім беру жұмысының тиімділігі артты. Пенитанциарлық жүйе қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп өткізілді. Егер 2020 жылы білім беру қызметімен 416 адам қамтылса, бір жылдан кейін – 471 адам қамтылды.

Өткен жылы Алматы қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға 900-ден астам ақпараттық-білім беру материалдары мен екі мыңнан астам презерватив таратқан.

Мәселелердің ішінде кеңеске қатысушылар АИТВ-ға тексеруді бақылауды күшейтуге, әсіресе сотталғандарды босатқанға дейін тексеруге тоқталды.

Жиналғандарға туберкулездің химиопрофилактикасы бойынша ұсыныстарды инфекционист дәрігер А. Әлімбекова ұсынды.

Кеңеске қатысушылардың алдында АИТВ-инфекциясының бар-жоғын тексеруді қамтамасыз ету міндеті тұр, ол барлық адамдарға тестілік психоәлеуметтік кеңес беруден бұрын және одан кейін: түскен кезде, алты айдан кейін, босатылғанға дейін, сотталғанның қалауы бойынша жүргізіледі.

барлық жаңалықтар »