ҚДИАҒО аккредитация алды!

 

Желтоқсан 30, 2022

20 желтоқсанда Аккредиттеу кеңесі ҚДИАҒО аккредиттеу туралы шешім шығарды. Бұл ҚДИАҒО командасына нағыз жаңа жылдық сыйлық болды!

Институционалдық аккредиттеу (ИА) бес жылға, мамандандырылған аккредиттеу (МА) үш жылға алынды. Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес «Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады».

Алда ҚДИАҒО командасында жаңа, қызықты, пайдалы біліктілікті арттыру циклдері, сертификаттау курстары, тренингтер, семинарлар, резидентура бағдарламалары болады…

барлық жаңалықтар »