Фокуста - адам құқықтары мен этика

 

Желтоқсан 20, 2022

Алматы қ. ҚДИАҒО-да 20 желтоқсанда ЖИТС өңірлік орталықтарының медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ түрғысынан адам құқықтары мен медициналық этика жөнінде семинар өткізілді.

Семинарды ҚДИАҒО директорының орынбасары Ирина Петренко ашты. Ол тақырыпты талқылаудың өзектілігін және АИТВ-инфекциясы саласында жұмыс істейтін дәрігерлердің адам құқықтары, этикалық нормалар, деонтология, саяси дұрыстығы жөнінде білудің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушыларға үш спикер презентация көрсетіп, баяндама жасады:

- Адам құқықтары. Р. Қыпшақбаев, адам құқықтары жөніндегі кеңесші, ЮНЭЙДС.

- АИТВ тақырыбындағы дұрыс лексика. М. Максимова, ҚДИАҒО баспасөз хатшысы.

- Стигма, өзіндік стигма, кемсітушілік. Е. Герман, әлеуетті арттыру жөніндегі ЕСОМ үйлестірушісі.

Семинарды аяқтап, модератор, АИТВ бойынша ЖҚ ұлттық үйлестірушісі Татьяна Давлетгалиева былай деді:

- "Медицина қызметкерлері пациенттің жеке басын және дербестігін құрметтеу - оның құндылықтар жүйесіне, жеке басының ерекшеліктеріне және өмірлік жағдайына құрметпен қарау керек екенін есте ұстауы қажет".

Семинарға офлайн режимінде 35 адам, онлайн режимінде 100-ден астам адам қатысты.

барлық жаңалықтар »