Гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

 

Желтоқсан 14, 2022

Халықтың негізгі топтары арасында гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жауап қайтару шаралары Алматыда 13-14 желтоқсанда өткен тренингтің басты тақырыбы болды.

Тренинг офлайн және онлайн режимде өтті.

Қатысушылар мынадай өзекті тақырыптармен танысты :

- Гендерлік стереотиптер мен зорлық-зомбылықтың себептері.

- Қазақстан Республикасының заңнамалық нормалары және гендерлік зорлық-зомбылық мәселелеріндегі ҚР халықаралық міндеттемелері.

- Гендерлік зорлық-зомбылықтың гендерлік сәйкестілікке әсер етуі және трансгендерлік топпен жұмыс істеу тәсілдері.

- Халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері.

- Гендерлік зорлық-зомбылықтың салдары: психологиялық, әлеуметтік. Олар АИТВ таралуына қалай әсер етеді?

Тренерлермен, оның ішінде ҮЕҰ-ның тәжірибелі қызметкерлерімен бірге тренингке қатысушылар гендерлік зорлық-зомбылықты бастан кешкен адамдар үшін сервистер құрудың негіздерін үйренді және үздік тәжірибелерді зерделеді.

Гендерлік/тұрмыстық зорлық - зомбылық жағдайында полицияның әрекет ету хаттамасы және қолданатын қосымша шаралары - бұл да бір сессия болды, мұнда көптеген сұрақтар қойылды, сессиядағы қатысушылар толық жауап алды.

Тренинг Жаһандық ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес қорының грантын іске асыру аясында өткізілді.

барлық жаңалықтар »