Алматы облысында халықтың осал топтары арасында семинар өтті

 

Қараша 25, 2022

25 қараша 2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары «Доверие плюс» үкіметтік емес ұйымының әлеуметтік қызметкерлері және Облыстық психикалық денсаулық орталығы мамандарымен бірлесе халықтың осал топтары арасындасеминар ұйымдастырды.

Талғар қаласында орналасқан Облыстық психикалық денсаулық орталығында өткен іс-шараға негізінен осы орталықтың ем қабылдаушылары - ине арқылы есірткі тұтынушылар қатысты.

Семинарды Орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ирина Степанова кіріспе сөзбен ашты. 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы Тоғжан Мырзағұлова Дүниежүзілік күннің мақсатына тоқтала келіп:

–Егер біз АИТВ жұқпасының таралуына ықпал ететін теңсіздікті жойсақ, біз ЖИТС-ті тоқтата аламыз. Әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әркімніңденсаулығын қорғау үшін біз бәріміз теңдікке ұмтылуымыз керек», - деп, биылғы ұранның мән-мағынасын да аша кетті. 

Ал «Доверие плюс» ұйымының әлеуметтік қызметкерлері Айжан Абусейітова мен Саловат Кабжелелов АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша берілген ақпараттарды пысықтау мақсатында викториналық сұрақтар қойып, қызықты ойын өткізді.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген берсенді қатысушылар қойын кітапша, кесе, бөтелке секілді заттай сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шарада 2 плакат, 200 ақпараттық-оқыту құралдары таратылды. 

Талғар және Қонаев қалалары Сенім бекеттерінің медбикелері Ғ.Әубәкірова мен А.Сатылғанова 25 адамға жедел тестілеу жасады.

барлық жаңалықтар »