Жасөспірімдерге - АИТВ алдын алу туралы

 

Қараша 22, 2022

22 қарашада Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері ЛА 155/6 колониясының жасөспірімдеріне " Қорқудың қажеті жоқ - білу керек!" квест-ойын өткізді.

АИТВ және ЖИТС дегеніміз не, оны қорғаудың қандай әдістері бар, АИТВ қалай жұғады және қалай берілмейді деген білімді жасөспірімдер танымал құрал - ойын арқылы алды. Квест ойыны бес станциядан тұрды :

- АИТВ туралы не білесіз,

- ЖИТС-пен күрес символы,

- АИТВ және ЖИТС: ұсыныстар,

- Инфекция қаупі,

- Блиц турнирі.

Әр станция - жаңа білім және қателерді талдау. Мәре сызығында барлық қатысушылар дәрігерлермен бірге квест кезеңдері мен даулы сәттерді талқылады. Балалар барлық сұрақтарға жауап алды. Егерде, жасөспірімдер, бүгінгі күннен қажетті білім алған болса, АИТВ-дан қорқудың қажеті жоқ екеніне көз жеткізді.

Ойын соңында жасөспірімдерге сыйлықтар табысталды. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Теңдік уақыты» дүниежүзілік науқан аясында ұйымдастырылды.

барлық жаңалықтар »