ЖДП қамтуды ұлғайту: әрі қарайғы қадамдар мен мүмкіндіктер

 

Қараша 15, 2022

Қазақстандағы халықтың негізгі топтары үшін жанасуға дейінгі профилактиканы (ЖДП) қамтуды кеңейту жөніндегі көпжақты кеңестің қатысушылары 15 қарашада Алматыда бірлескен іс-қимылдардың өзекті мәселелерін талқылады.

Кеңес денсаулық, құқық, жыныс және жыныстық әртүрлілік мәселелері жөніндегі Еуразиялық коалицияның (ЕКОМ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының (ДДҰ ЕӨБ) қатысуымен ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында: ҚДИАҒО, CDC/PEPFAR, ICAP, ЮНЭЙДС, ЮСАИД өкілдері, ЕРІС жобасы бар.

АИТВ және ЖЖБИ бойынша кеңесші ДДҰ ЕӨБ Пьетро Винти Қазақстан бүгінде өңірде ЖДП енгізу бойынша көшбасшы және басқаларға үлгі екенін атап өтті. Ол қатысушыларды ДДҰ-ның ЖДП бойынша жаңартылған ұсыныстарымен таныстырды: адам мен қоғамға арналған бағдармен сараланған қызметтер көрсету, халықтың негізгі топтары үшін қызметтермен оңайлату және интеграциялау.

ЕКОМ ЛГБТ денсаулық мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Николай Лунченков C19RM зерттеуінің нәтижелерімен бөлісті – COVID-19-ның Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығына әсері және ЕКОМ-ның ЖДП енгізу бағытындағы ағымдағы ілгерілеуі.

Қазақстанда ЖДП қызметтерін көрсету туралы ақпаратты ҚДИАҒО бөлімінің меңгерушісі Сайранкүл Қасымбекова ұсынды. Қызметтерді еліміздің барлық өңірлерінде ЖИТС және ҮЕҰ орталықтары 2021 жылдан бастап ұсынады. Клиенттер арасында ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, секс-жұмыскерлер, инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, транс адамдар, дискордантты жұптар бар. Клиенттердің көпшілігі Алматы, Астана және Өскемен қалаларында.

Қатысушылар ҮЕҰ-ның Қазақстанда іске асырылып жатқан ЖДП бойынша жобаларының нәтижелерімен, сондай-ақ азаматтық қоғамның жұмысымен танысты. Талқылау назарында мына сұрақтар болды:

- қауымдастықтарды тарту және халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-тестілеуге қолжетімділікті кеңейту басымдықтары мен мәселелері,

- қызметке жүгінуді арттыру,

- ЖДП қамтуды кеңейту бойынша бірлескен іс-қимылдардың одан әрі қадамдары мен мүмкіндіктері.

 

барлық жаңалықтар »