АҚШ профессорының мастер-класы

 

Қараша 7, 2022

Нью-Йорк Мемлекеттік Университетінің (SUNY) профессоры Дебора Густафсон, PhD, 7 қарашада Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлеріне арналған шеберлік сабағын өткізді.

"АИТВ және қартаю" тақырыбы бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қартаюға байланысты факторлардың ішінде әлсіздік, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі, психикалық денсаулық жағдайы, сүйек тіндері, ойлау процестері және басқалары зерттеледі. Ғалымдардың айтуынша, антиретровирустық терапияны (АРТ) кеңінен енгізу бүкіл әлемде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өміріне түбегейлі оң өзгерістерге әкелді. АРТ арқасында олардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығы артты.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ағзасындағы қартаюға байланысты өзгерістерді зерттеу әртүрлі елдерде, соның ішінде АҚШ-та жүргізілуде. Дебора Густавсон ЖИТС орталығының дәрігерлерін олардың нәтижелерімен таныстырды.

Ғалым, қартаю көп факторлы процесс екенін атап өтті. Оған адамның мінез-құлқы, соның ішінде темекі шегу, алкогольді көп пайдалану, шамадан тыс тамақтану және нәтижесінде артық салмақ, отырықшы өмір салты әсер етеді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әсер ететін жағымсыз факторлар-депрессияның болуы, мазасыздық, стресс, стигма және кемсітушілік.

Профессор АҚШ-та 25 жыл бойы жүргізіліп жатқан ауқымды зерттеу туралы айтты. АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің денсаулығына қауіп жайы. Олардың бірі-қартайғанда  әлсіздік белгілерінің пайда болуы. Зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті: егер АРТ қоғамдастық арасында кең таралғанға дейін бұл белгілер әйелдердің 17 пайызында байқалса, АРТ кең таралғаннан кейін және осы терапияны ұстанғаннан кейін қауіп төмендеп, инфекциясы жоқ әйелдерге жетті. АИТВ мәртебесіне қарамастан, қауіпті факторлар барлық әйелдер үшін бірдей болды: жасы, әлеуметтік мәртебесі, семіздік, туберкулез, бірақ АИТВ инфекциясы емес.

Қатысушыларды жекелеген препараттарды әсіресе, жүкті әйелдерге тағайындау, сондай-ақ жұқпалы емес созылмалы аурулары бар 40 жастан асқан пациенттердің денсаулығына әсері қызықтырды.

Мастер-класс Алматы қаласы ЖИТС орталығының дәрігерлерінің қатысуымен,

2016 жылдан бастап, Нью-Йорк Мемлекеттік Университетінің бағдарламасымен серіктестіктес  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің іске асырып келе жатқан жоба аясында, "АИТВ-инфекциясы"курсының докторанттары атынан өткізілді. Жобаның алдағы жылдарға бағытталған бағыты - 40 жастан асқан АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жүрек-қан тамырлары аурулары мен танымдық қабілеттерін зерттеу.

барлық жаңалықтар »