ЖҚ гранты: бүгінде іске асырылуы

 

Қырқұйек 27, 2022

27 қыркүйекте ЖИТС-қа, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық қордың (ЖҚ) грантын іске асыру барысын елдік команда ЖҚ грантын іске асыру тобымен талқылады, оны Қазақстан бойынша ТБ жөніндегі менеджер Грейдер Ольга мен сатып алу жөніндегі маман Бодри Мэрион да таныстырып, айтып өтті. 

Кездесуді ҚДИАҒО директорының орынбасары Ирина Петренко бастап ашып берді, ол ҚР-дағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай және ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізудегі қызметтің негізгі бағыттары туралы айтып өтті.

- "Қазақстанда АИТВ-инфекциясының эпидемиясы шоғырланған сатыда. 15-49 жас тобында АИТВ таралуы 0,3 құрайды, болжам бойынша 0,38.  Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 84 пайызы өз мәртебесін біледі, олардың 81 пайызы АРВ-терапиясында, 86 пайызы - вирустық жүктеменің төмендегені байқалады", - деді спикер.

ҚДИАҒО мамандары 2023-24 жылдарға арналған АИТВ-ға қарсы бағдарламалардың тұрақтылығын арттыру және АИТВ-инфекциясының перинаталдық трансмиссиясының алдын алу бойынша Жол картасын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар дайындайды.

Жобаны іске асыру тобының менеджері Татьяна Давлетгалиева қатысушыларды ЖҚ грантының міндеттері іс – шараларының іске асырылуымен таныстырды. Спикер атап өткендей, ҚР – да кешенді және тиімді бағдарламаларды күшейту және кеңейту бойынша 13 ҮЕҰ жұмыс істейді, оның ішінде 10-халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша және үш ҮЕҰ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды күту және қолдау бойынша. Грантты іске асыру кезінде тек төрт ҮЕҰ күшімен ИЕТ жұмыс бойынша профилактикалық бағдарламалармен 11 мыңнан астам адам қамтылды, ҮЕҰ базасында 9 мыңнан астамы тестіленді, 89 жаңа жағдай анықталды.

Опиоид агонистерімен демеуші терапия (ПТАО) бағдарламасын іске асыру бойынша ЖҚ елдік іске асыру тобының қызметкерлері бүгін еліміздің 11 өңірінде 16 кабинет ашылғанын хабарлады. ПТАО-да 285 пациент бар. Жиналғандар проблемалық мәселелерді талқылады, олардың ішінде клиенттерді жеке есепке алу базасын енгізу және АИТВ-АРТ бар мигранттарды қамтамасыз ету және т.б.

Кездесуді қорытындылай келе, Ольга Грейдер ЖҚ 2021 жылғы ҚР-дағы гранттың (АИТВ компоненті) іске асырылуын жоғары бағалағанын атап өтіп, алдағы уақытта да нәтижелер оң болатынына және ұлттық бағдарламалардың "катализаторы" болып табылатынына сенім білдірді.

барлық жаңалықтар »