Optima HIV моделі бойынша аймақтық жиналыс

 

Қырқұйек 22, 2022

19-22 қыркүйекте ҚДИАҒО мамандар командасы Optima HIV бойынша аймақтық кеңеске қатысты.

Іс-шара Стамбул қаласында Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында Албания, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Косово, Қырғызстан, Молдова, Черногория, Румыния, Сербия және басқа да елдердің өкілдері бар.

ЖИТС-қа, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасымен (ЮНЭЙДС) және Бернет институтымен (Канада) әріптестікте Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне АИТВ инфекциясының алдын алу саласындағы ресурстарды бөлу тиімділігі жөніндегі зерттеудің (Optima HIV зерттеуі) үшінші раундын өткізуде техникалық қолдауды іске асыруда.

Optima зерттеуінің бірінші раундынан бастап 2014-2015 жылдары және 2019-2020 жылдары екінші раундта бірқатар елдерде елеулі оң өзгерістер болды: АИТВ инфекциясын тестілеу мен емдеудің жаңа хаттамалары қабылданды, АИТВ бойынша эпидемиологиялық деректер жетілдірілді және жаңартылды, АРТ - емдеуге бағалар төмендетілді, қаражатты үнемдеуді беретін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді нысандарына көшу орын алды және т. б. Зерттеудің елдік нәтижелері мен болжамдарын жаңа деректер негізінде жаңарту стратегиялық инвестициялар мен жоспарлаудың бағыттарын қайта қарауға маңызды үлес болады.

Optima платформасы стратегиялық шешімдер қабылдау процесінде елдерді қолдау үшін әзірленген. Оптима - шешім қабылдаушыларға, бағдарлама менеджерлеріне және донорларға денсаулық сақтау саласындағы жауапты шараларды қабылдау және бағдарламалардың тұрақтылығын жоспарлау үшін елде қол жетімді қаржыландыру арқылы максималды жетістікке жетуге көмектесетін құрал. Платформа эпидемияны модельдеу, экономикалық талдау, сондай-ақ шешімдер қабылдау мен оларды іске асырудың «ғылымы» саласындағы озық халықаралық тәжірибенің әртүрлі элементтерін біріктіреді. Optima HIV моделі АИТВ-мен күреске инвестицияларды оңтайландыру кезінде саясатты айқындайтын тұлғаларды ақпараттандыру үшін кеңінен қолданылды.

Қазіргі уақытта Optima модельдеу туберкулездің, безгектің, вирустық гепатиттің, АИТВ - инфекциясының және т. б. алдын-алу және емдеуді жоспарлау кезінде басымдықтарды анықтау үшін қолданылады.

Аурулардың әртүрлі модельдері және олармен байланысты денсаулық сақтау шаралары үшін Optima денсаулықты, өмір сүру сапасын және ұзақ өмір сүруге қатысты максималды нәтижелерге қол жеткізу үшін басымдықтарды бағалау және ресурстарды бөлу үшін математикалық оңтайландыру алгоритмін қолданады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда АИТВ инфекциясы шоғырланған сатыда тұр.

2006 жылдан бастап, табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына қосылғаннан кейін, Қазақстанда халықаралық қаржылық көмек алу мүмкіндігі айтарлықтай төмендеді. Өзінің жаһандық міндеттемелерін орындай отырып, біздің еліміз ЖИТС бойынша бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз етеді, бұл ретте халықаралық қаржыландыру үлесі жыл сайын азаюда.

барлық жаңалықтар »