АИТВ инфекциясының алдын алу туралы брифинг

 

Қырқұйек 21, 2022

Қыркүйек айының 21 жұлдызы күні «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» ҮМҰ-ында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы брифинг өтті.

Бұл шараға Алматы қалалық ЖИСТ орталығының мамандары спикерлер ретінде шақырылды.

Ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық сұрақтар бойынша бас дәрігердің орынбасары Альфия Денебаева мен алдын алу шараларын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Альмира Заурбекова

Спикерлер АИТВ – инфекциясының елімізде, Алматы қаласында да таралуы бойынша шоғырланған сатыда екендігін атап өтті.

15-49 жас аралығында АИТВ – инфекциясының таралу деңгейі қаламызда 0,43 пайызды құрайды, болжам бойынша 0,57.  Алматы қаласы осы көрсеткіш бойынша Республика бойынша алтыншы орында тұрақтаған.

Қалада жыл сайын халықтың 16-17 пайызы АИТВ-ға тестілеуден өтеді (шамамен 350 мың зерттеу).

Журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып мамандарсоңғы жылдары жалпы ел бойынша, сондай ақ Алматы қаласында да АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу жағдайларының ұлғаю қарқыны байқалатындығын атап өтті, 2013 жылғы 63% - дан 2022 жылы 78,6% - ға дейін өсу қарқыны байқалған. 

Эпидемиямен күресу және инфекцияның жаңа жағдайларын азайту үшін халықтың жұқтыру қаупі жоғары топтарына көп көңіл бөлінуде.

АИТВ-инфекциясының таралуын бәсеңдетуге бағытталған басты стратегия әлі де кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу болып отыр. Халықтың барлық топтары арасында, сондай ақ жастар арасында АИТВ-ның берілу жолдары  және алдын алу туралыақпараттандыру шаралары, яғни дәрістер, ақпараттық акциялар, әлеуметтік желілерде бейнероликтерді жариялау және т.б. арқылы жүзеге асырылуда.

барлық жаңалықтар »