Батыс Казақстан облысының ҮЕҰ мен мемлекеттік ұйымдарының бірлескен жұмысы

 

Қырқұйек 21, 2022

2022 жылғы 21 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Мұражайы базасында

«Ақ Отау» отбасы орталығы» ҚБ-і «АИТВ мен ЖИСТ-тің алдын алу» жобасы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды.  Шақырылған қонақтар: жергілікті мектеп өкілдері, медициналық қызметкерлер, белсенділер және жұртшылық өкілдері.

Қоғамдық бірлестіктің төрайымы А.Искалиева өзінің кіріспе сөзінде үкіметтік емес ұйымның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, Қазақстанда АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің алдын алу мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

БҚО облыстық ЖИТС орталығының маманы В.Цой облыста профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенінің жүргізілуі, АИТВ инфекциясын диагностикалау және емдеу туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікірталасқа белсене қатысты.

Шараға 20-дан астам адам қатысты.

барлық жаңалықтар »