Орталықтың медицина қызметкері: АИТВ-ны жедел диагностикалау үшін соңғы буын тестілері қолданылады Көкшетауда жастар арасында жедел тестілеу акциясы өтті

 

Қырқұйек 15, 2022

2022 жылдың 15 қыркүйегінде Көкшетау қаласының "Панацея" студенттік емханасында жастарды жедел тестілеу бойынша акция өтті.

Ақмола облыстық ЖИТС орталығының медицина қызметкерлерінің десанты емхана кабинеттерінің бірінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жедел тестілеу және кеңес беру пунктін ашты.

Айта кетейік, Жастар іс-шараға қызығушылықпен қатысты, өйткені өз АИТВ мәртебесін 20 минут ішінде сол жерде білуге және орталықтың медицина қызметкерлерінен жұқтыру қаупі факторлары және алдын алу, серологиялық кезең, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, АИТВ-инфекциясымен байланысты басқа да мәселелер туралы кеңес алуға болады.

Сенім пунктінің медбикесі Айзада Муканованың айтуынша, АИТВ-ға жедел тестілеу кезінде адамның капиллярлық қаны бойынша р24 антигені мен АИТВ-ға антиденелерді бір мезгілде сапалы анықтауға арналған Төртінші буын тест-жүйелері пайдаланылады, бұл тіпті "серонегативті" кезеңінде де вирусты ертерек анықтауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, "серонегативті " немесе серологиялық кезең – бұл инфекция сәтінен бастап қанда АИТВ-ға қарсы антиденелер пайда болғанға дейінгі уақыт, ол 2 аптадан 3 айға дейін созылуы мүмкін.

барлық жаңалықтар »