Замануи жағдайда АИТВ инфекциясының алдын алу

 

Қырқұйек 15, 2022

Пневмоцистік пневмония туралы алғашқы ғылыми есеп жарияланғаннан кейін 40 жылдан астам уақыт өтті, ол кейіннен АИТВ инфекциясының соңғы сатысы - иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) ретінде белгілі болды.

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – инфекцияны тудырады, ол: ауру жұққан қанмен қатынас болғанда жыныстық жолмен, шәует арқылы немесе вагинальды секрециямен қатынас болғанда жұғады. Вирус есірткіге арналған инелер мен шприцтерді ортақ пайдаланғанда және анадан балаға берілуі мүмкін.

АИТВ және ЖИТС диагнозы қазір жиырма жыл бұрынғыға қарағанда әртүрлі мағынаға ие. Осы күнге дейін көптеген жанама әсерлері бар бірнеше дәрі қабылдаған адамдардан - күніне бір таблеткаға дейін қабылдап, жақсы төзімділік танытып және вирусты толығымен басатын дәрі-дәрмектердің жиынтығы дейінгі қаншама жетістіктер орын алды.

Жаңа зерттеулер қазір дәрі-дәрмектерді жеткізудің әртүрлі тәсілдерін іздеп, зерделеп жатыр: адамдар күн сайын дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүр болмайтындай, мысалы, бір қабылдаған әсері бірнеше айға созылатын инъекция немесе дәрі-дәрмектерді жеткізудің имплантацияланатын механизмдері.

2022 жылғы шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) халықтың АИТВ жұқтыру қаупі жоғары негізгі топтарындағы адамдарға АИТВ инфекциясының алдын алу құралы ретінде ұзақ әсер ететін инъекциялық каботегравирді (КАБ-ДД) пайдалану жөніндегі жаңа ұсынымдарды жариялады.

Қазіргі кезеңде АИТВ-ға жалпыға бірдей скрининг өте маңызды: көптеген адамдарда АИТВ бар, бірақ олар бұл туралы білмейді, күдіктенбейді де, уақтылы диагностикалау, вирустық жүктемені басумен тиімді емдеу ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға және вирустың басқаларға берілуіне жол бермейді.

2021 жылы ЮНЭЙДС (Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен бағдарламасы) мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде АИТВ-мен ауыратын адамдардың 85% -ы өзінің АИТВ-мәртебесі туралы біледі, 75%-ы АРТ-ты қабылдайды, 68%-ында вирустық жүктеме басылған. Қазақстанда бұл көрсеткіштер тиісінше: 81%/79%/86%. ЮНЭЙДС стратегиясына сәйкес 2030 жылға қарай мына нысаналы көрсеткіштер белгіленіп отыр: 95%/95%/95%.

Қазақстанда АИТВ бойынша деректердің жоғары стандарты сақталуда және ДДҰ мен ЮНЭЙДС халықаралық ұсынымдарына сәйкес іс-шаралар іске асырылуда. Жүргізілген жүйелі профилактикалық шаралардың нәтижесінде Қазақстанда АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жағдай шоғырланған сатыда ұсталып отыр (1,1% орташа әлемдік көрсеткіш кезінде халықтың 0,2%). Перинаталдық трансмиссия деңгейінің 2007 жылғы 8,4% - дан 2021 жылы 1,4% - ға дейін айтарлықтай төмендегені байқалады.

АИТВ-ның алдын алуға арналған кешенді тәсіл - мінез-құлық, биомедициналық және конструктивтік стратегияларды ұштастыру есебінен АИТВ-инфекциясының алдын алу жоспарында барынша ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған, оның негізінде адам құқықтарын сақтау және дәлелденген медицина шеңберінде зерттелген індет жағдайында расталған ақпарат жатыр.

Мінез-құлыққа араласу - бұл негізінен мінез-құлықты өзгертуге бағытталған ақпараттық жұмыс. ЖЖБИ немесе АИТВ жұқтыру қаупін азайту үшін адамдар қауіп-қатер деңгейін түсініп, осы қауіпті азайту үшін қажетті білімге, дағдыларға және әдеттерге ие болуы керек. Мысалы, мектептегі жан-жақты жыныстық ағартуға бағытталған хабарламаларды тарату үшін әртүрлі байланыс арналарын (мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары, қауымдастық деңгейінде және тұлғааралық) қолданатын бірқатар коммуникациялық бағдарламаларды қамтиды.

Биомедициналық араласулар, бұл вирустың басқа бір адамға берілуін блоктайтын (мысалы, ерлер мен әйелдер презервативтері), инфекцияны төмендететін (алдын-алу ретінде антиретровирустық терапия) немесе жұқтыру қаупін төмендететін (ерлердің ерікті медициналық сүндеттелуі, репродуктивті денсаулық бағдарламалары, ерікті кеңес беру және тестілеу, байланыста болғандарды индекстік тестілеу, экспресс-тесттерді қолдана отырып, арнайы білімі жоқ қызметкерлердің күшімен өзін-өзі тестілеу және қоғамдастық деңгейінде тестілеу) биологиялық жүйелерге тікелей әсер ететін араласу; АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бағдарламалары, шприцтерді ауыстыру пункттері, инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар үшін опиоидты алмастыратын терапия; қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқалар.

Құрылымдық араласулар АИТВ-ның таралуына ықпал ететін маңызды әлеуметтік, құқықтық, саяси және экологиялық факторларға бағытталған: заңнаманы, құқық қолдануды және сот төрелігі жүйесін жақсарту, жыныстық серіктестің жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бағдарламаларды қоса алғанда, қылмыстық сипаттан арылту; үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті күшейту; АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және маргиналданған топтарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту; гендерлік теңсіздік және гендерлік зорлық-зомбылық; экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және басқа да көп салалы тәсілдер.

Қазіргі әлемдегі әлеуметтік маңызды инфекция ретінде АИТВ-ның алдын-алуға кешенді, аралас тәсіл АИТВ-ға жеке эпидемия ретінде ғана емес, СИНДЕМИЯ ретінде де түсінікті кеңейту және тұтас көзқарасты қалыптастыру үшін қажет. Синтетикалық немесе синергетикалық індет - бұл аурудың болжамы мен ауыртпалығын күшейтетін биологиялық өзара әрекеттесуі бар популяциядағы екі немесе одан да көп бір мезгілде немесе дәйекті эпидемиялар немесе ауру кластерлерінің жиынтығы. Бұл терминді Мэрил Сингер 1990-шы жылдардың басында медициналық және әлеуметтік мәселелердің синергетикалық сипатына назар аудару үшін жасаған. Синтетикалық тәсілден айырмашылығы, биомедициналық тәсіл ауруды әлеуметтік және басқа контекстке қарамастан басқа аурулардан бөлек қарастырады. Мысалы, АИТВ-ның жедел қызылша инфекциясы кезінде, Цуцугамуши ауруы немесе Азия мен Австралияда кене инфекциясы арқылы жұқтыратын іш сүзегімен уақытша басылатындығы зерттелді және механизмдері әлі белгісіз. Синдемия денсаулықтың бір біріне байланысқан жағдайларының жиынтығы ретінде, мысалы: АИТВ, вирустық гепатит, ЖЖБИ, алкоголь мен психобелсенді заттарды қолдану және психикалық денсаулықтың бұзылуы сияқты әсер ету арқылы бір-бірімен теріс ықпал етеді. Денсаулық жағдайы көбінесе жұмыспен қамту, тұрақты бір жерде тұрып, өмір сүру, медициналық көмек пен азық-түлікке қол жеткізу және денсаулықтың басқа да әлеуметтік детерминанттарымен, қоршаған орта экологиясымен тығыз байланысты. Байланыстарды одан әрі зерттеу, инновациялық араласуларды әзірлеу, сондай-ақ тиімді ден қою үшін ресурстарды бөлу қажет. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері мен қауымдастықтар синдемияның денсаулыққа тигізетін әсеріне қалай тиімді ықпал ететінін және оларды қалай шектейтінін жақсы түсіну үшін синдемияның процестері мен жұмыс істеу жағдайларын зерттейтін зерттеулер қажет. Бұл ретте әрбір қоғамдастық пен мүдделі тарап бірегей көзқарас әкеледі және оларды тарту, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл синдемияның алдын алуда және оған ден қоюда шешуші рөл атқарады. Синдемиямен күресу профилактика, скрининг, диагностика және емдеу, сонымен қатар жаңа ғылыми жетістіктерді тез қолдану үшін жан-жақты және бір уақытта күш салуды қажет етеді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезисі: «Ұлттың денсаулығын қамтамасыз ету жағдайында ғана қоғамда үйлесімділікі орнап, дамуы мүмкін» - бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтау саясатының танылған үрдістерін көрсетеді. Қазіргі заман қырлары барған сайын жаңа сын-тегеуріндерді, сынақтарды алып келуде, бұл 2019 жылы басталған коронавирустық инфекцияның пандемиясы және 2022 жылы эндемиялық емес жерлерде, негізінен белгілі бір топтағы адамдар арасында тіркеле бастаған маймыл шешегі.

Бірақ әлемге әйгілі Mayo клиникасының дәрігері Dr. Stacey Rizza-ның АИТВ-ға қатысты: «Егер жер бетіндегі АИТВ-сы бар адамның барлығы диагностикадан өтсе, күтім мен тиімді, пайдалы емді үнемі қабылдаса, онда АИТВ індеті бұл әлемнен жоғалып, жойылар еді. Біз мұны осы шаралар арқылы жасай алатынымызды жақсы білеміз» деген тұжырымы негізді болып қала бермек. 

Жаннат Мусина,

дәрігер-эпидемиолог, ҚР ДСМ ҚДИАҒО АИТВ-инфекциясының алдын алу бөлімінің меңгерушісі

барлық жаңалықтар »