Ақмола облыстық ЖИТС орталығында ведомствоаралық кеңес өтті

 

Қырқұйек 14, 2022

2022 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында "Инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды АИТВ-инфекциясына тексеру. Мәселелер мен шешу жолдары" тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңесті Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу бөлімінің басшысы- С.Толықбаев ашып, өз сөзінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін орындау үшін барлық қатысы бар қызметтердің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. ЖИТС орталығының бас дәрігері К. Бурмаганов облыстық психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлері үшін ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысына және инъекциялық есірткіні (ИЕТ) тұтынатын адамдарды тексеру кезінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге баса назар аударды. ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі -З.Хван 2022 жылдың 7 айындағы Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы презентацияны және Көкшетау, Степногорск қалаларындағы тексеру нәтижелері бойынша проблемалық сұрақтармен инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарды тексерудің мониторингін және ЖИТС орталығының зертханалық ақпараттық жүйесінде зерттелетін ИЕТ-терді тегі бойынша салыстыруды ұсынды. Облыстық психикалық денсаулық орталығы (ПДО) бас дәрігерінің орынбасары Г.Мұхамедьярова облыс бойынша 2020 жылғы 27 қарашадағы №211 "АИТВ-инфекциясының бар – жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары" бұйрығының орындалуы туралы есеп берді, ИЕТ-іздеу, жалтару, зерттеп-қараудан бас тарту мәселелерін белгіледі. Бұл мәселелерде полиция органдарының көмегі қажет, көбінесе кері байланыс жоқ – ПДО хаттарына жауаптар. Көкшетау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, подполковник Е.Ержанов ПДО-мен ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруды, кері байланысты жолға қоюды және АИТВ-ға тексерілуден жалтарған ИЕТ-ны іздестіру мен жеткізуге көмек көрсетуді ұсынды.

Кеңес сындарлы түрде, диалог түрінде өтті, оның қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясына ИЕТ-ні тексеру кезінде белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қорытындылар жасалды және ұсыныстар әзірленді.

барлық жаңалықтар »