Павлодарда АИТВ-жұқпасы бойынша семинар

 

Қырқұйек 12, 2022

2022 жылғы 12 қыркүйекте Павлодарда облыстың медициналық ұйымдары үшін АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселесі бойынша жауапты дәрігерлерге арналған семинар өтті.  

«АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерден туған балаларды диспансерлік бақылау» тақырыбында ЖИТС ОО-ның инфекционист-дәрігері И.Левина семинарға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

Г.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың дерматовенеролог-дәрігері Е.Тяжелова өзінің сөз сөйлеуінде жүкті әйелдер арасындағы мерезді диагностикалауға, туа біткен мерездің алдын алуға арнады. ЖИТС ОО-ның эпидемиолог-дәрігері М.Сәрсембенова жиналғандарға реципиенттерді тексеруді талдай отырып, донорлықта АИТВ-жұқпасының алдын алу жөнінде, сондай-ақ гемодиализ кезінде проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы ақпараттар ұсынды.

Облыстық семинарға АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша 33 медициналық ұйымдарының мамандары қатысты.

барлық жаңалықтар »