Атырау қаласында«ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбындағы вебинар

 

Қырқұйек 8, 2022

2022 жылдың 7-8 қыркүйрегінде Атырау облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС мамандары, Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігер эпидемиологы Ж.Тулемисова, алдын алу бөлімінің маманы М.Баймұханова «ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында Жылой, Индер аудандық аурухана дәрігерлері мен медбикелері арасында бірлескен онлайн вебинар өткізді.

Мақсаты: АИТВ инфекциясының алдын алу  жолдары туралы ақпарат беру. ЖИТС орталығының мамандары медицина қызметкерлеріне  АИТВ инфекциясын кәсіби жұқтыру қаупі жоғары топ ретінде күнделікті жұмыс кезінде апаттық жағдайдың алдын алу, апаттық  жағдайлар кезіндегі  іс-әрекет алгоритмі, қорғаныш  шараларын сақтау мақсатында АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы ақпараттар берді.

Шараға  Жылой, Индер ауданы бойынша 58  медицина қызметкері қатысты.

барлық жаңалықтар »