Тәжірибе алу үшін – Кореяға сапар

 

Қырқұйек 5, 2022

2022 жылғы 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында ЖИТС және ҚДИАҒО аумақтық орталықтары зертханаларының мамандары Корея Республикасының Bioneer Corporation өндіруші зауытының базасында ExiStation TM 16DX платформасында жұмыс істеу бойынша тереңдетілген оқыту курсынан өтті.

Оқыту курсын "lifeMed Holding" ЖШС БҰҰ ДБ келісім-шартының аясында ұйымдастырды.

Оқыту барысында диагностикалық жиынтықтарды әзірлеушілер мен зауыт мамандары зертханалық қызметкерлер үшін сапаны бақылау, деректерді талдау және зерттеу нәтижелерін талдау мәселелерін қамтитын ПТР диагностикасы бойынша практикалық және теориялық курстар өткізді. Қазақстандық мамандар зауытта болып, өндірістік үдеріспен және инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған диагностикалық жабдықтар мен тестілер саласындағы жаңа әзірлемелермен танысты.

Сапар аясында қазақстандық делегация фармакология, профилактика, зертханалық диагностика және геномдық зерттеулерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың көптеген бағыттары бойынша жұмыс істейтін Green Cross биотехнологиялық компаниясына шақырылды. Біздің қызметкерлер Оңтүстік Кореяның жұқпалы аурулар диагностикасына маманданған жетекші клиникалық зертханаларының бірі - Green Сгоѕѕ диагностикалық зертханасына барып қайтты. Бұл зертхана жаһандық диагностикалық желінің бөлігі болып табылады.

ЖИТС орталықтарының зертханалық қызметкерлері корей әріптестерімен тәжірибе алмасып, зертхананың жабдықталуымен және үлгінің тіркелуі мен қозғалысынан бастап зерттеу жүргізуге және есеп алуға дейін толық автоматтандыру жүйесімен (ТLA) танысты, бұл тәулігіне 24 сағат бойы зерттеулердің сенімді нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ҚР ЖИТС орталықтарының 15 зертханасы АИТВ жұқтырған пациенттерді емдеу және инфекциялық ауруларды диагностикалауға зертханалық мониторинг жүргізу үшін автоматтандырылған ПТР платформаларымен жабдықталған болатын.

барлық жаңалықтар »