Солтүстік Қазақстан облысында мамандардың бірлескен кеңесі

 

Тамыз 24, 2022

2022 жылғы 24 тамызда Петропавл қаласында «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ринат Үлмесековтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ЖИТС орталығының және психикалық денсаулық орталығының жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесін аймақтық ЖИТС орталығының директоры Айман Сыздықова ашты.

Күн тәртібінде: Солтүстік Қазақстан облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық және есірткі ахуалы; есепке қою кезінде және әрбір 6 ай сайын, оның ішінде 2022 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экспресс-тесттермен ИЕҚТ-ны тестілеу.  

Бірінші мәселе бойынша ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі  Н. Гордымова, екінші мәселе бойынша ПДО ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Е. Примакова сөз сөйледі. Кеңес барысында Петропавл қаласының бастапқы психикалық денсаулық орталықтарының әрбір маманы есеп берді.

Сондай-ақ, қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылап, өзекті мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын жасады.

барлық жаңалықтар »