Жаңа психобелсенді заттар бойынша зерттеу презентациясы

 

Тамыз 23, 2022

23 тамызда Алматыда онлайн режимінде жаңа психобелсенді заттардың (ЖБЗ) таралуын клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу бойынша ұлттық дөңгелек үстел болып өтті.

Бұл зерттеу гранттық келісімді іске асыру аясында ЖИТС, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың бастамасымен жүргізілді.

Іс - шараны ISSUP ұйымы  - психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу бойынша халықаралық мамандар қоғамы қолдады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК мамандары, UNODC, CADAP, ISSUP, UNAIDS, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің, сондай-ақ басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Психикалық аурудың аймақтық орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

Қатысушылар синтетикалық есірткілердің кең таралуы, сондай-ақ оларды тарату үшін интернетті пайдалану жаһандық проблемаға айналғанын атап өтті. БҰҰ – ның соңғы деректері бойынша, әлемде 500-ге жуық жаңа психобелсенді заттар тіркелген, оның 60-тан астамы - Қазақстан мен өңірдегі көршілес мемлекеттердің аумағында бар.

2021-2022 жылдары жүргізілген клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері Қазақстанның барлық өңірлерінің өзекті "есірткі көрінісіне", тұтыну үлгілерінің өзгеру серпініне, сондай-ақ республиканың жас, жұмысқа қабілетті халқы арасында тәуелділіктер санының өсуінің әлеуетті тәуекелдерін көрсетті. Инъекциялық қолдануда ЖБЗ өсуімен тығыз байланысты Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясы бойынша жағдай туралы шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау деректері де айтылды.

Қазір ұйымдастырушылар қатысушылардың ұжымдық диалогының қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындауда.

барлық жаңалықтар »