Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь

 

Тамыз 21, 2022

16-21 тамыз аралығында Johnson & Johnson компаниясының және ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының қолдауымен Іле Алатауының көркем шатқалындағы Тау Тұран шипажайында АИТВ - инфекциясының созылмалы ауруы бар жасөспірімдерге арналған Республикалық жазғы лагерь болып өтті.

 

Жазғы лагерьді ұйымдастыру - дәстүрлі шара. Карантин кезінде де жасөспірімдер онлайн режимінде кездесіп, білім мен дағдыларын толықтырды.

Осы лагерьге Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларынан 80 адам қатысты.

Кәсіби жаттықтырушылар балалармен антиретровирустық терапияны ұстану, мәртебесін ашу, стигма және кемсітушілік, адам құқықтары бойынша сабақтар өткізді. Қатысушылар өзін, жеке шекараларын түсіну, айналасындағы адамдармен және қоғаммен қарым-қатынас құру, зорлық-зомбылықты тану және болдырмау, гендерлік теңдік бойынша dance4life халықаралық бағдарламасының пайдалы және қызықты курсынан өтті.

Әрине, барлығы тау жорықтарына, спорттық квестке, түрлі жарыстарға қуана қатысты. Сондай-ақ, дискотека және өз күштерімен және таланттарымен дайындалған концерт болды.

Керемет әсерлер, жағымды эмоциялар, жаңа таныстар, пайдалы білім - барлығы болашақтың қоржынын толықтырды!

барлық жаңалықтар »